- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 30 Сәуір, 2024
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілін қабылдады
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Фото: t.me/aqorda_resmi
721 рет
көрсетілді0
пікір