Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Мамыр, 2024

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған. Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.

Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз