Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Мамыр, 2024

Қырғызстанда жүк көлігі балаларды қағып кетті

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға мәдени шара кезінде болған. Мектеп оқушылары "Манас" дастанынан үзінді оқып, қойылым көрсетіп жатқан. Оқиға кезінде "Портер" жүк көлігі төменге қарай жүріп кетіп, балаларды қағып кеткен.

Порталдың мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.

Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Портал ақпаратынша, оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында болады.

990 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз