Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Мамыр, 2024

Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады

Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары судың тұтқында қалып қойған.
Жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды.
Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.

247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз