Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Мамыр, 2024

Мақаншы ауданында «Таза Қазақстан» эко-акциясы жалғасып жатыр

Бүгін Мақаншы ауданы шекара басқармасының Ақшоқы шекара бөлімшесінің аумағында «Таза Қазақстан – таза шекара» акциясы өтті, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Акцияға ауыл тұрғындары, шекарашылар, сарбаздар жалпы жиыны 60-тан астам адам қатысты. Сонымен қатар, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Акция аясында Ақшоқы ауылы мен шекара бөлімшесі арасындағы 1,5 шақырымнан астам жол жиегі тазартылды.
«Мемлекет басшысы шекара маңындағы аумақты дамыту мақсатында Мақаншы ауданын қайта құрды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Шекара елдің айнасы іспеттес. Шеттен келген қонаққа алдымен әсер қалдыратын да осы жер. Сондықтан шекарамызды күзетіп қана қоймай, таза ұстауымыз керек», - дейді Ақшоқы ауылының тұрғыны Ләззат Мұхаметжанова.

Ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан – таза шекара» челленджін ШҚО Марқакөл ауданына жолдады.
Бұл бағыттағы жұмыс Мақаншы ауданының шекара басқармасына ведомстволық бағынысты барлық бөлімшелерде жүргізіледі.

331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз