Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Мамыр, 2024

Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде бірқатар жаңа құзыреттер бекітілмек. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы әуежайлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту құзыреті пайда болады.

Қарулы күштерді қажетті қару-жарақ түрлерімен, әскери техникамен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз ету үшін ағымдағы және алдағы жоспарлауды ұйымдастыру мақсатында Қорғаныс министрлігіне тиісті қызметтердің: корабльдік, ЖЖМ және мүлік қызметтерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту құзыретін беру қажет.  

Жобада қорғаныс ведомствосының парашютсіз десант түсіру, армия авиациясының тікұшақтарымен жеке құрамды эвакуациялау, таулы жерлерде жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастыру және жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған өзге де мәселелер жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу құзыреті көзделеді.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 22 мамырына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15038987 сілтеме арқылы танысуға болады.

Фото: gov.kz

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз