Грузия 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдайды

232

Грузия 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайды. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді.

«Мұны біз құрлықтағы шекараларда көршілес елдермен қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ біз үшін туризм жағынан қызықты елдердің екіжақты келіссөздері тұрғысынан қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ете отырып та жасаймыз», — деді ол.

Сондай-ақ, Премьер-министр Грузия шетелдік қонақтарды қабылдау үшін өз шекаралары мен инфрақұрылымын ашатын алғашқы елдердің бірі болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұл мемлекетте төтенше жағдай режимі 22 мамырға дейін созылған. Ал Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, онда қазіргі уақытта барлығы 615 адам COVID-19 жұқтырған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *