«Қайрат» медицина қызметкерлеріне қорғаныс костюмдерін алып берді

230

Қайрат» футбол клубы коронавирус пандемиясы кезінде жатақханада тұрып жатқан медицина қызметкерлеріне қорғаныс костюмдерін алып берді.

Бұл туралы осы костюмдерді тігетін Salta дүкенінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайырымдылық акциясының алғашқы партиясы дайын. Үлкен ризашылықпен біз құрметті медицина қызметкерлерінің қолына қорғаныш костюмдерін табыстаймыз. Біздің өміріміз үшін күресіп жатқан құрметті ержүрек дәрігерлер, өздеріңізге қамқор болыңыз», — деп жазды дүкеннің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған «Қайрат» футбол клубы екенін атап өтті.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *