Әуе сапары алдында коронавирусқа тест тапсыру керек пе

405

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін пойыз әрі ұшақпен сапарлау кезінде коронавирусқа тест тапсыру қаншалықты қажет болатындығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Барлық шешімдер бізде тиісті мемлекеттік органдармен қабылданады. Әр өңірде өздерінің аймақтық жедел штабтары бар және олар осындай шешімдерді қабылдайды. Сонымен бірге, бізде Мемлекеттік комиссия, республикалық жедел штаб қызмет етеді. Олар да эпидемиологиялық әрі талдау мәліметтері негізінде қажетті шешімдерді жасайды», — деді Д. Көбжасаров онлайн брифинг барысында.

Осы орайда ол осындай шешім қабылдаудың іс-қимылдарын сипаттап берді.

«Менің ойымша, жалпы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлік штабтарда тиісті шешім қабылданатын болады, сондай-ақ Республикалық жедел әрекет ету штабы теміржол қатынастарын іске қосуға мәселені пысықтайды. Сонымен қатар, әуе сапарлары үшін зертханалық тестілеу жүргізу мәселесіне қатысты тиісті шешім жасалатын болады», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *