Дәурен Абаев: Өсіп-өркендеудің жалғыз кепілі – ынтымақ пен амандықта

125
Құрметті достар!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын!
Бұл аталарымыз бен әкелеріміздің жанкешті ерлігімен, әжелеріміз бен аналарымыздың жанқияр еңбегімен келген жеңіс. Сұрапыл соғыста есепсіз аққан қан мен төккен жасты, үзілген өмір мен бұзылған тағдырды еске алатын күн. Бейбітшіліктің басты байлығымыз екенін тағы бір мәрте дәлелдейтін, рухымызды бен жігерімізді көтеретін мереке.
Өздеріңізге мәлім, халқымыз жеңісті жақындатуға жан аямай атсалысып, миллионнан аса азаматты майданға аттандырды. Қазақстандықтар әскерді қажетті азықпен, оқпен, көмірмен, тағы да басқа керек-жарақпен қамтамасыз етіп, жеңіс жолында өлшеусіз үлес қосты. Фашизмге қарсы күресте еліміздің көптеген қаһарман ұл-қыздары өшпес ерлік көрсетті.
Осы ерліктің әрбірін есте сақтап, қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау біздің азаматтық парызымыз. Осыншама қиындықпен келген бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтау, жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ортамыздағы ардагерлерімізді аялау қастерлі борышымыз. Өсіп-өркендеудің жалғыз кепілі – ынтымақ пен амандықта.
Елімізде әрдайым тыныштық пен бейбітшілік болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *