Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі

448

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешіледі деді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *