Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

134

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *