Қала әкімі соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

123
Бүгін қала әкімі Бахтияр Әлтайұлы Ұлы Отан соғысы ардагері Тыщенко Михаил Абрамович пен концлагерь тұтқыны болған Громницкая Татьяна Николаевнаны Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімі Амандық Баталовтың құттықтау хаттарын жеткізді.
Құттықтау барысында ардагерге Мәдениет үйі қызметкерлері шағын концерттік бағдарламаларын ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қала басшысымен қатар, қалалық мәслихат хатшысы Н. Калиновский және ардагерлер ұйымының төрағасы Е. Дүйсебаев құттықтау хат пен сыйлықтар табыстап, Жеңіс батырына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, алғыстарын білдірді.
Ардагерлердің ерең ерліктері, қажырлы еңбектері мен табандылықтары үшін бас иеміз!
«Ер есімі – ел есінде». Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
Бейбітшілік алауын жаққан — Ардагерлерге мың алғыс!



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *