Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

75
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Жаңа Қаулысымен (№12) аймақта коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін карантин уақыты ұзартылды.
Шектеу шараларын жеңілдетудің үш кезеңі жарияланды.
Бірінші кезеңде, 11 мамырдан бастап, жұмыс істеуге рұқсат берілді:
1. Бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендерге (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);
2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қоғамдық көліктерге (сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін).
3. Қоғамдық моншаларға (сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін), бір мезетте:
— көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес;
— көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.
4. Мәдениет нысандарының жұмысына (көрермендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);
5. Спорт нысандарының жұмысына (спортшылардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);
6. Сағат жөндеу шеберханаларына, химиялық тазалауға, фотосалондарға, жарнамалық агенттіктерге, сондай-ақ сұлулық салондарға (барлық қызмет түрлері)(сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);
7. Мал базарларына (сәрсенбі және сенбі күндері, сағат 04:00-ден 09:00-ге дейін);
8. Құрылыс материалдары базарларына (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін);
9. Жұмыспен қамту орталықтарына (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін).
Екінші кезеңде, 18 мамырдан бастап, жұмыс істеуге рұқсат берілді:
1. Балабақшалардың кезекші топтарына.
2. Мәдениет нысандарының жұмысына (көрермендердің қатысуынсыз 50 жұмысшыдан аспауы тиіс);
3. Спорт нысандарының жұмысына (спортшылардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс).
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін).
Үшінші кезеңде, 25 мамырдан бастап, жұмыс істеуге рұқсат берілді:
1. Қонақ үй кешендеріне, отелдерге.
2. Сауда ойын-сауық орталықтарына (фут-кордтар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа);
3. Балалар түзету (коррекции) кабинеттеріне (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);
4. Ломбардтарға (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін).
Бұл ретте бетперде тағып, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *