Абай мерейтойына орай суретшілер байқауы өтеді

609

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 15 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Визуалды өнерде Абай әлемін бейнелеу» тақырыбындағы республикалық жас суретшілер байқауы өтеді. Бұл туралы университеттің қоғаммен байланыс қызметі хабарлайды.
Кәсіптік білім кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылатын шығармашылық сайысқа колледж және мектеп бітіруші түлектер өз туындыларын ұсына алады.
Байқауға қағаз бетіне немесе кенепке түрлі-түсті бояумен (акварель, гуашь, акрил, майлы бояу) немесе графикалық құралдармен (тушь, перо, сангина, уголь, қарындаш, т.б.) Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналып салынған жұмыстар қабылданады.
Суретті салуға 2 сағат бөлінеді. Zoom платформасы арқылы комиссия мүшелерінің бақылауымен қатысушылардың туындылары бағаланады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған қатысушы Қыздар университетінде оқуға бір жылдық оқу ақысына 50 пайыздық, екінші орын алған қатысушы 25 пайыздық және үшінші орын алған қатысушы 15 пайыздық жеңілдік алады.
Айта кетейік, сайыс «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы тобы бойынша жүргізіледі.
Байқау Zoom платформасында өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *