Алматыдағы құстардың қырылып қалуының себебін анықтады

195

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалуының себебін анықтады. Мамандар құстар уланбаған деген қорытынды шығарды.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесінің қорытындысына сәйкес:

Құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, орбитоз, хламидиоз, пастериоз сияқты инфекциялық аурулар анықталмады; ағзасында ауыр металдар, хлор табылмады;

Құстардың асқазаны бос болды.

«Ветеринарлық зертхананың құстар уланбаған деген қорытындысына, оның ішінде хлормен уланбағанына қарамастан, барлық мердігер ұйымның дезинфекциялық құралдарының құрамы тексерілді. Барлық құрал стандартқа сәйкес болып шықты және адамдар мен жануарларға еш зияны жоқ», — делінген Алматы әкімдігінің жауабында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *