Нұр-Сұлтанға кіру əлі де шектелген

80

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды.

Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді.

Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде.

11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *