Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды⠀

155

Маңғыстау облысында карантин режимі мен шектеу шаралары 25 мамыр сағат 07:00-ге дейін ұзартылды. Тиісті қаулыны облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдады.

Облыс аумағында жалғасатын шектеулердің бірқатары:

азаматтардың аймаққа кіру мен шығуына (халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда) тыйым салынады;

облыс тұрғындарына қалалар мен аудандар арасына қатынауға болмайды;

1,5-2 метр арақашықтықты сақтаумен, міндетті түрде бетперде киіп, таңертең сағат 07:00-10:00 аралығында жұмысқа баруға және кешке 17:00-ден 19:00-ге дейін (жұмыс орнынан анықтамасы болғанда) үйге қайтуға рұқсат етіледі;

ойын-сауық, спорттық және өзге де бұқаралық шаралар, сонымен қатар, отбасылық, еске алу шаралары өткізілмейді;

дін нысандарының қызметі уақытша тоқтатылады;

азық-түлік сататын орындардың жұмыс режимі сағат 10:00-17:00 аралығында жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *