Президент халықтың баспана мәселесін шешу үшін «Отбасы банк» құрылатынын айтты

406

Қазақстанда халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында «Отбасы банк» құрылады. Бұл туралы мемлекеттік комиссия отырысында бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті,

–Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй жинақ банкі» негізінде тұрғын үйді бөліп беріп отыру, есеп жүргізу жұмыстарын орталықтандыратын толыққанды даму және қолдау институтын — «Отбасы банк» құру керек», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттік комиссия отырысында.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта аталған саланы жүйелі түрде өзгерту жұмысы күтіп тұрғанын мәлім етті. Осылайша азаматтар өзінің зейнетақысының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттай алады.

–Мен бұрын мұндай тапсырма бергенмін. Бірақ ТЖ режиміне байланысты бұл жұмысты талқылау созылып кетті. Шешім қабылдайтын уақыт жетті. Үкімет 1 шілдеге дейін өз амал-әдістерін айқындауы керек, — деді президент Қасым-Жомарт  Тоқаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *