Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасы іске қосылады

452

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

«Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын», — деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында. Бұл тапсырманы орындау үшін Мемлекет басшысы 390 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті. «Биыл елде рекордық деңгейдегі – 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі», — деді Президент.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *