Соңғы қоңырау маусымда өтеді

206

3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді.

«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс», — деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *