Алматыдағы блокпосттарда ПТР тест анықтамасы талап етілмейді

108

Алматыға кіріп немесе шығып бара жатқан адамдардан блокпосттарда ПТР тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейді. Бұл туралы Алматы әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

«Алматыдағы блокпосттар ПТР немесе жедел тест нәтижелерін талап етпейді. Ертеңнен бастап ашылатын және осы күнге дейін жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға облыс аумағында тұратын жұмысшыларын шақыруға мүмкіндік беріледі. Осыған орай, ертеңнен бастап кәсіпорындардан ұсыныстар қабылданып, тіркеу басталады. Бұл жерде бекітілген алгоритмге сәйкес, арнайы деректер қорынан облыс тұрғынына блокппостардан өтуге рұқсат беріледі»,– дейді қала әкімінің орынбасары. Сонымен қатар, ол қала мен облыс ортасында тек рұқсаты бар адамдар ғана жүре алатының атап өтті.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *