Блокбекеттер әскери техникадан босатылуда

144

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты, блокбекет күзету, дезинфекция жасау және елді мекендерді патрульдеу жұмыстарына қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы өз бөлімдеріне қайта оралады.

Мекеме өкілдерінің сөзінше, жауынгерлер блокбекеттен өз күшімен не әскери-көлік авиациясының көмегімен кетеді. Тек арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің қызметшілері ғана өз міндетін бұрын бекітілген мерзімге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сай орындауды жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимінің аяқталғанын, бірақ карантиндік шектеулердің әлі де күшінде болатынын хабарлады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *