Елімізде қаңтар-сәуір айларында инвестициялар баяулаған

401

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ке дейін баяулады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді.

«Жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсу Түркістан (49,3%) және Ақмола (49%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында (44,2%) байқалады», — деді министр Үкіметтің қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында. Сонымен бірге, 4 өңірде — Атырау (-10%) және Қызылорда (-47,1%) облыстары, Шымкент (-7,8%) және Алматы (-8,6%) қалаларында төмендеу байқалған. «Осы өңірлердің үлесі жоғары болғандықтан, бұл төмендеу жалпы инвестициялардың көлеміне әсер етті. Соның салдарынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ке дейін баяулады», — деді Руслан Дәленов.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *