Теміртауда ХҚО жұмысын қайта бастады

455

Теміртауда 12 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жаңғыртты. Алайда коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты ХҚО ғимараттарына адамдар шағын топпен кіргізіледі, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы egov.kz порталында электрондық форматқа көшірілген және қолжетімді. Олардың барлығын өз бетінше немесе бұрыңғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы фронт-кеңселерде, оқу және медициналық ұйымдарда және т. б. орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан алуға болады. Онлайн-қызметтерді жылдам және ыңғайлы алу үшін 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады, онда сізге ХҚКО операторы кеңес береді. Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда да ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгерді. Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлеріне де, оларды ұсыну форматына да қатысты болды. Енді ХҚКО-да қарағандылықтар тек электрондық форматта қол жетімді емес қағаз түріндегі қызметтерді және пegov.kz орталында алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін алады. ХҚКО 1414 нөмірі немесе egov.kz порталындағы арнайы сервисі арқылы алдын ала брондау бойынша ғана баруға болады. Бұл жаңалық тек Қарағандыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына қатысты болып отыр. Аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде орналасқан ХҚКО-лар өзгеріссіз жұмыс істейді. Айта кету керек, ТЖ режимі кезінде қазақстандықтар электрондық үкімет порталы, egov.kz, eGovKzBot2.0 телеграмм-боты және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн-форматта 10,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *