Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды

242

Коронавируспен ауырғандарды емдеу және олармен байланыста болғандарды оқшаулау мақсатында республика бойынша 33 мыңнан астам орын қарастырылған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты.

«Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды. Олар шығаруға да дайын, алайда оның ерекшелігін анықтамай жатып көп мөлшерде шығаруды мақсат етіп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде оның сапасын анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр», — дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин шаралары жүргізіле береді. «Бастысы — арақашықтық пен гигиена сақтау керек. Коронавируспен ауырғандарды емдеу және олармен байланыста болғандарды оқшаулау мақсатында республика бойынша 33 мыңнан астам орын қарастырылған. Оның ішінде науқас адамдар үшін — 6 мыңға жуық орын, ауруға күдіктілерді жатқызу үшін — 8 мыңға жуық провизорлық орын және 20 мың карантиндік орын бөлінді», — дейді ол.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *