Алматыда карантин шаралары қашан жеңілдейді?

269

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Алматыда күнделікті өсім көрсеткіші 2% болғанда карантин шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Тамақтану саласындағы шағын және орта бизнес субьектілеріне қатысты карантин талаптары сақталады. Дәмханалар, асханалар, мейрамханалар тек үйге жеткізу қағидасымен жұмыс істейді. Жалпы алғанда, карантин шаралары эпидемиологиялық ахуалға байланысты қалыптасады. Егер коронавирус инфекциясының күнделікті өсімі 2%-ға жетсе, карантин шаралары жеңілдейді. Ал қазір қалада соңғы 7 күнде өсім 3,8 % болып отыр», — деді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, сауда ойын сауық орталықтары әзірге жабық болады. Айта кетейік, сәуірдің соңғы онкүндігінде өсім көрсеткіші 6% болған еді.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *