11 мыңнан астам кәсіпкердің несие өтеу мерзімі кейінге шегерілді

432

Елде 11 мыңнан астам кәсіпкердің несие өтеу мерзімі кейінге шегерілді.

Өйткені екінші деңгейлі банктер клиенттерінің кредит төлеу қабілетін сақтауға мүдделі. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов онлайн-сұхбат кезінде айтты.

Оның сөзіне сүйенсек, «Бастау» бағдарламасы арқылы елде 118 мың азамат бизнес саласы бойынша оқытылды. Әсіресе, ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздар қамтылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының басшысы осы күнге дейін айтылып келген «361 кәсіпорынды қолдау» тізімінің ресми түрде әлі бекітілмегенін және жұмыс құжаты ретінде саналатындығы жөнінде сөз етті. Қазіргі таңда палата Ұлттық экономика министрлігінен демеуге мұқтаж бизнес салаларының тізімін күтіп отыр.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Азық-түлік қауіпсіздігі де өте маңызды. Жалпы құны шамамен 1,2 млрд АҚШ долларына тең тауар импортталады. Бұл халық тұтынатын азық-түлік себетінің 25 процентін құрайды. Бағаның да тұрақсыздығы осыған байланысты. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы шаруаларды микроқаржыландыру бағыты қолға алынады. Шектеулі көлемде мал мен құс шаруашылығымен айналысатын азаматтарға 6 пайызбен несие беріледі. Осылайша, олар ел экономикасының ілгері жылжуына үлесін қоса алады.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *