Тоқаев Алматы сапарында жеке табыс салығының мәнін түсіндірді

422

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында мәлім етті.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады.

Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді.

Қазақстан Президенті Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көріп, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тіршілік жағдайымен жүгінген азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әр түрлі салада қызмет көрсетеді.

Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *