Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді

317

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли 
Facebook -тегі парақшасында жазды.

«Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *