Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

86

Түркістанда төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантиндік шектеулер әлі де жалғасады.

Карантин режимі 25 мамырға дейін созылды. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы жұмысын қашықтықтан жалғастыратын болды. Азық-түлік базарлары таңғы сағат он мен кешкі бестің арасында жұмыс істейді. Ал киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыра отырып, таңғы тоғызбен кешкі сегіз аралығында жұмысын жалғастырады. Балабақшаларда кезекші топтар өз жұмысын бастайды. Тәрбиешілер мен балалардан денсаулығына қатысты анықтама талап етіледі. Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, «Казпошта» бөлімшелері қазіргі таңда жұмыс істеп жатыр. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын бастауға рұқсат етіледі. Cұлулық салондары, тігін цехы, аяқ киім жөндеу орындары, шаштараз, тіс емдеу, ем жасау орындары алдын ала жазылу тәсілімен халыққа қызмет көрсетуде. Үйден шығуға, серуендеуге тек бетперде тағып, ара қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Қоғамдық орындар мен саябақтар жұмысын бастады. Спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Отбасылық мерекелер мен той-жиындар өткізуге әзірге тыйым салынады. Облыс аумағына қажет тауарлар мен медициналық заттарды және азық-түлік пен құрылыс заттарын тасуға рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар ғана кедергісіз кіріп-шыға алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *