Өзбекстанда сел жүріп, 300 адам эвакуацияланды

87

Өзбекстанның Навои облысында сел жүріп, 300 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Uznews.uz.

Өзбекстанның ТЖМ мәліметінше, 13 мамырда шамамен сағат 02:30 бен 04:30 аралығында жауын-шашын қатты жауып, сел жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 үй бүлінген.

Оқиға орнына 9 көлік пен Төтенше жағдай басқармасының 70 қызметкері барған. Жедел әрекет ету барысында 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Басылымның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *