Испания чемпионаты қашан басталады

205

Испания Ла лигасының қалған бөлігі маусым айының ортасында басталады.

Чемпионат ерте болғанда 12 маусымда қайта жалғасады. Тамыз айында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына уақыт табу үшін Испания чемпионаты маусым-шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр.

Ла лига басталуы мүмкін тағы бір күн — 19 маусым. Коронавирус пандемиясына байланысты қажет болғанда, чемпионаттың басталуын осы күнге дейін кешіктіру жоспарланған. Бұған дейін «Леганес» футбол клубының бас бапкері Хавьер Агирре Ла лиганың басталатын уақыты ретінде осы күнді атаған болатын.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, 4 мамырда ойыншылар жеке жаттығуға кіріседі. 11 мамырдан бастап шағын топпен жаттығу, 26 мамырда жалпы жаттығу басталады.

Ойындар көрерменсіз өтеді. Оның үстіне бір команданың екі кездесуінің арасы сөзсіз 48 сағаттан кем болмауы керек.

Коронавирусқа байланысты уақытша тоқтатылған футбол чемпионаттары біртіндеп басталып жатыр. Бұған дейін 16 мамыр күні Германия Бундеслигасы басталатыны хабарланған болатын.

Prosports.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *