Қазақстан – күш-жігердің тамаша үлгісі!

270

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.

«Қазақстан – COVID-19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», — деп жазды ол Twitter-де.

Сондай-ақ, Ханс Клюге елімізде коронавирусқа қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:
күшейтілген бақылау;
тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
зерттеудің жүргізілуі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *