Алматыда жаңа инфекциялық госпиталь салынады

302

Алматыда 700 орынға арналған жаңа инфекциялық госпиталь салынуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңестің видео отырысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

«Бізде 2 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр. Алайда екеуінде де инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес желдету жүйесі толық жұмыс істемейді. Осыған байланысты қазір қала әкімдігі мен қала әкімінің жеке өзінің тарапынан барлық талаптарға сай келетін 700 орындық жаңа госпиталь салу туралы шара қабылданып жатыр. Бұл сауал Мемлекет басшысының Алматыға сапары барысында көтерілді. Аталған сауал кезең-кезеңімен шешімін табатын болады», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысы кеңес кезінде салынған ауруханалардың барлығы дерлік талапқа сай еместігін жеткізді. Айта кету керек, 24 сәуірде Алматыда коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған жаңа госпиталь ашылған болатын. Аумағы 5 850 шаршы метр болатын жаңа госпиталь бір мезетте 280 науқас қабылдай алады. Қарқынды терапия бөліміне 28 орын бөлінген. Мұнда 28 өкпені желдету аппараты бар.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *