Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанның ауасы қалай өзгерді?

89

Қазақстандағы карантин шаралары Нұр-Сұлтан мен Алматы экологияларына қалай әсер етті? Бұл сұраққа Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов жауап берді

«Облыс орталықтары мен қалалардың бәрінде «Қазгидромет» күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. 20 наурыздан, яғни карантиннің алғашқы күнінен бастап министрлік қоғам өкілдерімен бірге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында атмосфералық ауаға мониторинг жүргізді. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, Алматының төменгі бөлігінде PM 2,5, PM10 өлшемді бөлшектері бойынша концентрацияның артқаны байқалады. Бұл ластану жағдайы ЖЭО-2, ЖЭО-3 жұмысына тән сипат. Алайда қаланың жоғары бөлігінде азот оксиді, азот диоксидінің төмендегені байқалады. Фенол концентрациясы өткен жылға қарағанда 60 есе төмендегені байқалады. Бұл дегеніңіз автокөліктен бөлінген қалдықтың азайғанын көрсетеді», — деді Ахметжан Пірімқұлов ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, елордада автокөліктен бөлінетін қалдық мөлшері де азайған. «Алайда ЖЭО секілді ірі өндірістік кәсіпорындардың жұмысы жалғасуда. Олардан шығатын қалдық баршылық», — деді ол.

Ахметжан Пірімқұловтың сөзіне қарағанда, ЖЭО-2, ЖЭО-3 өндіріс ошақтарын газға ауыстыру, тазарту құрылымдарын әзірлеу, жасыл алаңдардың аумағын кеңейту туралы Алматы әкімдігімен бірлескен Жол картасы әзірленуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *