Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді

170

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы маусым айында бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.

Бокс кеші 9 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі мүмкін. MGM ойын-сауық кешенінде өтеді деп жоспарланған кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы Шакур Стивенсон өнер көрсетеді.

Боб Арумның айтуынша, бокс кешін ұйымдастыру ESPN-мен бірге жүзеге асады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлында орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.

Ол 28 наурыз күні ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын, алайда коронавирустың кесірінен бокс кеші өтпей қалды.

prosports.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *