Nissan Datsun-нан бас тартпақ

166

Қазір Nissan-ның жағдайы нашар. Марканы алда бірталай қиындық күтіп тұр. Компания шығынды 2.8 млрд долларға азайтуға қатысты үлкен жоспар құрған болатын. Automotive News берген ақпаратқа сүйенсек, жоспар бойынша 2013 жылы қайта құрылған Datsun суббренді жабылуы тиіс.

Datsun маркалы көліктер Индонезия, ОАР, Үндістан, Ресей және Қазақстанда сатылып келді. Көрші ел мен біздегі Lada Granta және Kalina өңі өзгерген «датсун» болып табылады. Айта кетерлігі, Қазақстан нарығынан ол 2017 жылы кеткен.

Nissan Datsun-ның өндірісі тоқтағанын ресми түрде қашан хабарлайтыны белгісіз. Бірақ аталған марка бірінші рет жабылып жатқан жоқ. Nissan одан сонау 1986 жылы бас тартқан болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *