Өскеменде жұқа асфальт төселген

541

Сарапшылардың есебінше, таяуда жөнделген Тоғас көшесінің екі шақырымына жобада көрсетілген 12 см орнына 6 см асфальт төселіпті.

«Жол жөндеу кезінде мұндай қателік жіберу оның сапасына кері әсер етеді. Ең алдымен, мердігер компаниялар жол төсемінің жарамдылық мерзімі құрылыс сапасына байланысты екенін түсінуі тиіс», — деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ренат Нәбиев. Оның айтуынша, жергілікті жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары жыл басынан бері облыс жолдарына 61 тексеріс жасап, 31 ереже бұзушылық дерегін анықтаған.

Біз мұндай «қателіктің» тек жол сапасына әсер етіп қана қоймай, мердігердің қалтасын қалыңдататынын да айтқымыз келеді. Қазіргі уақытта жолдың бір шақырымының құны 1.2 миллион доллар шамасында. Егер оның төрттен бір бөлігін асфальт бағасы құрайтынын ескерсек, төсем қалыңдығын екі есе азайту жол салушылар үшін жақсы олжа болатыны анық.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *