Ұлы Жеңіс ардагерін құттықтады

341

9 мамыр — Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы аға лейтенат Санат Омаров және Сарыарқа аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары аға лейтенат Мадина Байбосынова Елорда тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісбек Кәрімовты мерекесімен құттықтап, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» медалімен марапаттады. Ақсақалдың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісбек Кәрімов 1926 жылы Ақмола облысының Қажымұқан ауылында дүниеге келген. Ол әскерге 18 жасында әскерге шақырылған екен. Үш ай бойы Алматы қаласында дайындықтан өтіп, майданға аттанған. 348-ші жаяу әскер дивизиясының құрамында болған.  1944 жылдың ақпан айында Берлиндегі ұрыстарға қатысыпты.

Жеңіске бір күн қалғанда басынан жарақат алған екен. Құдай сақтап, жарақаты өміріне оншалықты қауіп төндірмеген. Сөйтіп, денсаулығы қалпына келген соң, қызметін жалғастырған. Эльба өзенінде жүргенде соғыс аяқталған. Жүнісбек Кәрімов әскери білімін одан әрі ұштай түсу мақсатында Берлиндегі авиациялық училищені оқып бітірген. Белоруссияда ұшақтың арнайы жабдығының инженер-электригі болып еңбек еткен. Еліне 1951 жылы оралған. Ақмола қаласындағы теміржол саласында 47 жылы бойы механик болып жұмыс істеген. Бүгінде отбасында, немере-шөберелерінің жанында. Өскелең ұрпаққа жеңістің тағылымын жеткізіп, бейбітшілікті бағалауды үйретіп келеді. «Менің көргенімді, бастан өткергенімді жастардың түсіне де кірмесін. Адамдар бірін-бірі құрметтеу керек!» дегенді жиі айтады.

Д.ЖҰМАЖАНҰЛЫ,

журналист

 Фотосуреттерді түсірген

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Қорғаныс министрлігінің

Баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *