Air Astana: Әуе қатынасы біртіндеп қалпына келтірілуде

99

Air Astana Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қалпына келтіруде.

Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында бұрын басталған рейстерге қосымша,12 мамырда Алматы-Ақтөбе-Алматы және Алматы-Қызылорда-Алматы бағыттары бойынша ұшулар басталды, ал 13 мамырда Алматы-Өскемен-Алматы, Нұр-Сұлтан-Ақтөбе-Нур-Сұлтан және Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстер басталды.

14 мамырдан бастап рейстер Нұр-Сұлтан-Өскемен-Нұр-Сұлтан бағытында, 15 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан-Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытында, 16 мамырдан бастап Алматы-Ақтау-Алматы, Алматы- Шымкент-Алматы, Нұр-Сұлтан-Орал-Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан-Ақтау-Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстер орындала бастайды.

Ұшулар үшін Airbus A320 / A321 және Embraer E190-E2 ұшақтары қолданылады. Ұшу кестесі мен жиілігін airastana.com веб-сайтында «Жоспарлау» — «Ұшу туралы ақпарат» бөлімінен білуге ​​болады.

Билеттерді әуекомпанияның сату кеңселерінде, әуекомпанияның веб-сайтында, Ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ әуекомпания мен IATA аккредиттелген агенттіктерде сатып алуға болады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *