Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы төмендеді

392

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы осы жылдың 3 айында 2,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 пайызға азайды. Соның ішінде экспорт – 1 227,7 млн АҚШ долларын (11,3 пайыз кеміді), импорт 3161,7 млн АҚШ долларын (2,1 пайыз көбейді) құрады», — делінген комитет ақпаратында.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5, Қырғызстан Республикасына – 4,1, Беларусь Республикасына – 3,3, Армения Республикасына 0,1 пайыздан келеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *