Джек Ма енді Қытайдың ең бай адамы емес

151

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма енді Қытайдың ең бай адамы емес. Оның орнын Tencent компаниясының басшысы Ма Хуатэн басты.

Forbes басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта Ма Хуатэннің байлығы 48,3 млрд долларды құрайды. Ал Джек Maның шамамен 41,2 млрд доллар қаржысы бар.

Өзгеріс COVID-19 індетімен байланыстырылып отыр. Tencent компаниясы — онлайн ойындардың дистрибьюторы. Оның акциялары жыл басынан бері 14%-ға артқан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *