Кордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде қираған тұрғын үйлер қалпына келтірілуде

90

 Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарының екінші күні ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға  бағытталды.

Егер бұған дейін Қордай ауданының бюджеті шамамен 28 миллиард теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін артқан. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға қосымша 20 млрд. теңге бағытталса, тағы төрт миллиард теңгені 7 елді мекенді газдандыруға жұмсау жоспарлануда.

Бүгінде ақпан айында ауданда орын алған оқиғалар кезінде бұзылған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде жұмысын бастаған мердігер ұйымдар баршылық. Алайда, кәсіпкерлер Хусейн Сүлеймен, Абдурашид Багиев және Исмар Лутур сияқты кейбір тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіруді ұйғарған. Осылайша, олар мемлекеттен қарастырылған қаражатты басқа мақсаттарға жұмсау үшін шығындарды оңтайландыруға ықпал етуде.

Облыс әкімімен әңгіме барысында олар көрсетілген көмек пен қолдаулар үшін ел Президенті мен жергілікті билікке алғыстарын білдірді. Мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті кәсіпкерлер де көмек қолын созуға дайын, қайырымдылық қоры да жұмыс істеуде.

Масаншының дәл ортасындағы жаңа мектеп құрылысы өтпелі нысан болып табылады десек, биыл оған 550 миллион теңге игерілмек. Осында өткен жергілікті тұрғындармен кездесуде ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдар Двумаров сөз алды.

Біз бұған дейін ауылда мұндай ауқымды жұмыс атқарылғанын көрген емеспіз. Ауыл көз алдымызда өзгеріп келеді. 41 көше жөнделуде, жаңа мектеп, спорт алаңы салынуда. Бұл біз үшін тамаша тарту. Қазіргі таңда Шу ауданында 300-ден астам отбасымыз жеміс-жидек пен көкөніс егумен айналысуда. Осындай қамқорлығы үшін мемлекетке айтап алғысымыз мол, — деді ардагер қуанышын жасыра алмай.

Өз кезегінде аймақ басшысы дүнген диаспорасына су тасқыны салдарынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына қол ұшын созып, көрсеткен игі істері үшін алғысын жеткізді. Жыл соңына дейін Масаншы мен көршілес алты елді мекенге газ тартылмақ. Басқа мәселелер де кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Сондай-ақ, ауылда шағын-футбол алаңшасы, көше тренажерлары мен балалар алаңынан тұратын көпфункционалды спорт алаңы салынуда. Маусымның алғашқы күндерінен бастап мұнда жергілікті балалар мен ересектер жаттығуға мүмкіндік алмақ. Бердібек Сапарбаев нысанды пайдалануға бергеннен кейін спорт алаңың жақын орналасқан мектептің балансына тапсыруды ұсынды.

Бүгінгі таңда бүкіл ел Қордай ауданына,  бұзылған құрылымдарды қалпына жедел келтіру және ең бастысы ішкі жағдайдың тұрақтанғандығына ден қойып отыр. Қазір біз барлық қиындықтарды еңсердік, мұндағы тіршілік өз қалыбына түсті деп сеніммен айта аламыз, — деді облыс әкімі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *