Ақша бұлт астындағы ауыл (фоторепортаж)

1215

Ерназар ауылына кіреберіс. Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Қазақтың қазыналы ауыл-аймақтарына арналған кезекті фоторепортажымызды Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылдық округінің  орталығы — Ерназар ауылына арнап отырмыз. Тақырыбымыздың өзі айтып тұрғандай, бұл ауылдың аспаны ақша бұлтымен есте қалады. Ендеше, аспаны да, ауасы да, суы да тұнық ауылдың таңғажайып табиғатымен бірге танысайық.  

Ауылдың ақша бұлтты аспаны. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылы облыс орталығы Тараз қаласынан 56,9 шақырым, аудан орталығы˗ Аса ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде, баялыш, сұр жусан, көкпек басым өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейтті жазық аңғарда орналасқан.

Ерназар ауылдық округінде 1 697 адам тұрады, толық қазақ ұлты. Алып жатқан жер көлемі 36 640 гектарды құрайды. Оның ішінде ауылдық округ жер көлемі-2 426 гектар. Ауылда мектеп, балабақша, ауылдық клуб, кітапхана, байланыс бөлімшесі, фельдшерлік-акушерлік пункт, мешіт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ерназар атауы кісі есімінен шыққан.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Билікөл, Жалаңашкөл көлдері мен Аса өзенін бойлай қонған елдің тыныштығы кеткен. Ауылдағы Жарас, Шубай, Орман сияқты елге қадірлі, құзырлы кісілер қуғын-сүргінге түсіп, дүниелері тәркіленіп алынған. «Кеңестөбе», «Майтөбе», «Қызыл Октябрь», «Ерназар» ұжымшарлары 1929 жылы құрылады. Осынау жаңадан құрылған ұжымшарларды сол кездері оқыған, көкіректері ояу Қ.Айтбаев, Б.Ілесов, О.Балдыбергенов, А.Байзақов сияқты жас жігіттер басқарған.

Ұжымшар кеңесі осы ғимаратта болған. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылдың кеңесі өз тарихында 1930 жылы «Қызыл-Октябрь» ауылдық кеңесі, 1954 жылдан Ерназар ауылдық кеңесі, ауылдық округі атанып келеді. Ерназар ауылдық кеңесі 1961 жылға дейін Талас ауданына, 1961 жылдан 1966 жылға дейін Жуалы ауданына қарап келген. Ал 1966 жылдан бері Жамбыл ауданының құрамында. Осы жылдар ішінде ауылдық кеңесті Анарбек Омаров, Әліпбай Мәдібеков, Райымбай Момбаев, Ермек Әзімов басқарса, ал бүгінгі уақытта Ерназар ауылдық округінің әкімі-Мырзахан Жақсылықұлы Әбдіқұлов.

«Қызыл Октябрь» ұжымшары 1998 жылы «Тораңғылы», 2000 жылы «Атамекен» шаруа қожалығы болып екі қайта құрылады.

Қаратау жотасы, Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Батырлар аллеясы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Белгісіз солдат ескерткіші. Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Белгісіз солдат ескерткіші. Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Белгісіз солдат ескерткіші. Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Социалистік Еңбек Ерлерінің құрматіне арналған аллея. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздардың тізімі, Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ұлы Отан соғысынан ауылға аман оралағандар тізімі, Ерназар ауылы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназарлықтар өз ауылдарынан шыққан аптал азаматтарын ұмытқан емес. Соның бір айғағы, Социалистік Еңбек Ерлерінің құрматіне Ерназар ауылының төрінен аллея ашылған. Мұнда Б. Кейкиев бастаған 7 Социалистік Еңбек Ерімен бірге ұжымшарлардың тұңғыш төрағасы Айтжан Байзақовқа және алғашқы мұғалім Ақылбек Бөлебаевқа мәрмәр тастан ескерткіш тақта орнатылған. Сондай-ақ, ауылда алтын құрсақты батыр аналарға арналған «Ана» ескерткіші де бой көтерген.

Ана ескерткіші. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1948 жылы ұжымшардың 8 азаматы: Б.Кейкиев, Ш.Тілебаев, Н.Егембердиева, К.Жанбосынов, М.Бейсалиев, Т.Дәуренбеков, Р.Тұрғынбаев пен П.Қырбасовқа Социолистік Еңбек Ері атағы берілген.1948 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының салған ауыртпалығын ешкім күні бүгінге дейін ұмыта қойған жоқ. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстауда майданға Ерназар ауылдық округінен 271 азамат аттанған. 4 жылға созылған сұрапыл соғыстан 171 боздақ туған жерге оралмады, майдан даласында, жат жерде қалып қойды. Олардың барлығы 18 бен 30 жас аралығындағы бозымдар еді.

Әбдіһайым көшесі-Ерназар ауылының орталық көшесі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ауылдың тұңғыш төрағасы А.Бөлебаев, алғашқы механизаторы Қ.Әбілсейтов. Ерназар топырағы киелі. Осы ауылдың төл баласы Өмірбек Байгелдиев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тұңғыш төрағасы, төраға орынбасары болған. Бүгінде мемлекет және қоғам қайраткері.

Ерназар ауылдық округі әкімі аппараты. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар аулының орталығы.Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылдық округі әкімі аппараты. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылдық округі әкімі аппараты. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылынан 6 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 4 жазушы шығып отыр. Атап айтқанда Спартак Смайылов, Фатима Жақсылыққызы ғылым докторлары, С.Тәукеев ғылым кандидаты. Сондай-ақ Әзімхан Әбілхайырұлы, Оңғарбай Сәлімбайұлы, Манат Тілебаев, Қайрат Тілебаев сияқты ауылдан шыққан ғалымдар да бар. Ал Ғазизбек Тәшімбаев аудармашы, жазушы, Қадірбек Уәлиев театр сыншысы, жазушы, Мейрхан Қуанышбаев жазушы, Бақтияр Әбілдаев драматург, жазушы әрі тарихшы.

Байгелді Кейкиев атындағы орта мектеп. Мектеп ғимаратының сыйымдылығы — 624 оқушы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебіне кіреберіс. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебінің сыртқы көрінісі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Күн ашық күндері ауылдан Талас Алатауы мен Қаратау жотасы әдемі көрінеді. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ауыл жасыл-желекті, сырттан осылай көрінеді. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

«Әбдіһайым» ауыл мешіті. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

«Әбдіһайым» ауыл мешіті. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

«Әбдіһайым» ауыл мешіті. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

«Әбдіһайым» ауыл мешіті. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Талас Алатауының таңғы бейнесі мен шеңгелдің нәзік гүлдері ауылға әдемі рең береді. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар пошта байланыс бөлімшесі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ерназар ауылдық клубы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Ауылдық  округтегі  шаруа  қожалықтар – 75

(мал шаруашылығымен айналысатыны – 14); 

Негізгі  бағыты — егін,  мал  шаруашылығы.

Барлық  жер  көлемі  — 36640 га.

Оның  ішінде: 

егістік  жер  көлемі — 1800  га;

шабындық- 1628 га;

жайылым-24211 га. Дереккөз: zhambyl.cao-zhambyl.kz

«Жәнібек» бала-бақшасы. Сыймдылығы — 52 бала. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

«Ерназар» фельдшерлік акушерлік пункті.  Көрсетілетін қызметтер:  сусызданған  адамдарды  емдеу  бөлмесі, егу  бөлмесі,  гинеколог,  дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмесі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Егістік алқабында гүлдеп тұрған түймешетен гүлі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Жиде гүлдеген шақ. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Әбдіһайым көшесі. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Спорттық алаң. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Автобус аялдамасы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Байланыс мұнарасы. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Жусанды дала. Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz

Солдан оңға қарай: Сарытау, Ақсуат және Бұғылытөр шыңдары. Талас Алатауы. Ерназар ауылы.

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *