Пуэрто-Рикода АҚШ-қа қосылу туралы референдум өтеді

74

3 қарашада Пуэрто-Рикода арал мәртебесін анықтау туралы референдум өтеді. Тиісті заңға штат губернаторы Ванда Васкес қол қойды.

Пуэрто-Рико АҚШ бақылауындағы еркін бірлестік болып саналады.

Рефендум барысында тұрғындарға «Пуэрто-Рико бірден АҚШ-тың құрамына қосылуы керек пе?» деген сұрақ қойылады.

3 қарашада губернатор сайлаумен қатар өтетін референдум нәтижесін АҚШ қабылдамайды. Бұл мәселеге қатысты нақты шешімді АҚШ конгресі шығарады.

2018 жылы АҚШ конгресіндегі Пуэрто-Риконың тұрақты өкілі 2021 жылы Пуэрто-Риконы америкалық штат деп мойындау туралы заң жобасын ұсынған.

Осыған дейін де Пуэрто-Рико тұрғындары аралдың саяси мәртебесін референдум арқылы анықтамақшы болған. Соңғы рет ел тұрғындары 2017 жылы АҚШ-қа 51-ші штат ретінде қосылуға дауыс берген. Алайда  АҚШ-тың әділет министрлігі конгрестің дауыс беру нәтижесін қолдаған жоқ.

Айта кетейік, 1898 жылдан бері Пуэрто-Рико АҚШ территориясы болып танылды. Ел тұрғындары — АҚШ азаматтары, алайда олар президент сайлауында дауыс бере алмайды.

Сонымен қатар, Пуэрто-Рико АҚШ Конгресінде шектеулі дауыс беру құқығы ие бір ғана өкілі бар.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *