Елімізде бөлшек сауда 12 %-ға төмендеген

496

Жыл басынан бері елімізде бөлшек сауда 12 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Cтатистика комитеті мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы 4 айда бөлшек сауда 2,9 трлн теңгені құрады. Оның 1 трлн теңгесі азық-түліктің үлесінде болса, қалғаны — тұрмыстық тауарлар. Сауда саласы ең көп зардап шеккен өңірлер тізімін Нұр-Сұлтан мен Алматы бастады. Мұнда бөлшек сауда 17 пайызға төмендеген.

Ал Павлодар және Батыс Қазақстанда 12 пайызға дейін қысқарған. Мамандардың айтуынша, бұл секторға карантиннің зардабы тиіп жатыр. Мысалы, тек сәуір айында сауда бірден 35 пайызға азайған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *