Жоқ!.. Жазбаймын, Сіз жайлы жаман хабар (Бейсен Құранбекке)

2089

ҚАЗАНАМА

Жоқ!..
Жазбаймын, Сіз жайлы жаман хабар,
Жазсам жайрап жаралы далаң қалар!
Аруанадай аңырап анаң қалар,
Қарс айырылып менің ұлттық санам қалар!
Жоқ!..
Жазбаймын, Сіз жайлы жаман хабар,

Сенбеймін!
«Сізді өлді» дегендерге,
Қауесетке, жоқтауға, өлеңдерге.
Қайғысындай қазақтың –
Қайран тұлғаң,
Қалай ғана сияды денең көрге?

Достым:
«Ол енді жоқ» деп айта көрме,
Терең бір ағыстар да қайтады өрге.
Бар-дағы басын сүйе Алашыңның,
Бар-дағы «Жылама!» де байтақ елге.

Жоқ!..
Жазбаймын, Ол жайлы хабар жаман,
Күннің жүзін қарашы талаураған!
Қасиеті ол – Қазақтың тоналмаған,
Зұлпыхарың еді ол – жоғалмаған!

Арасынан кіл дана, даралардың,
Мен оны Мәңгілікке санағанмын.
ЖЕР-ден ұзақ бір жерге бара тұрам,
Қазасы ескіргенше Нар -ағамның!..

Ұларбек Дәлейұлы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *