Қазығұрт ауданында қауіптің беті қайтты

105

Биылғы жылдың 13 мамыр күні Қазығұрт аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген ауыл округ тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен болатын.

Оқиға орнына Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері шығып, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсете білді. Жедел ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт ауданының Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдің ауласынан су тарту, арықтарды тазалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көкібел су қоймасының жаңбыр суына толуына орай эвакуацияланған 133 тұрғынның жағдайы тұрақты. Туған- туыстарының үйлеріне жайғасқан оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қажетті азық-түлік пен басқа да керек-жарақтар жеткізілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *