«ХАБАР» агенттігі Батырхан Шөкеновтың әндерән бірге шырқауға шақырады

429

«Хабар» Агенттігі, барша қазақстандықтарды Батырхан Шөкеновтың 58-жасына арналған флешмобқа қатысуға шақырады. Ол үшін «Хабар» телеарнасын 18 мамыр, сағат 19.10-да қоссаңыз жеткілікті. Әр көрермен артистың репертуарынан сүйікті әндерін орындай алады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Күн қайтадан шығады, әлемді нұрымен жылытып, біз қайда болсақ та, бізді махаббат емдейді… Бұл Батырхан Шөкеновтың әнінің сөздері. Бүгін, 18 мамыр, біздің Батырымыз тірі болса 58 жасқа толатын еді. Әлбетте, бүгін біз жүрегіміздегі оған деген махаббатпен Батырдың әндерін тыңдап, бейнебаяндарын тамашалап, және де әрине, әндерін орындайтын боламыз»- деді «Хабар» Агенттігінің Басқарама Төрағасы Ерлан Бекхожин.

«Хабар» телеарнасының эфирінен Батырхан Шөкеновтың үш – «Отан Ана», «Джулия» және «Қайран көңіл–ай» деп аталатын композицияларын естуге болады.

«Бүгінгі күнімізді жүрегіміздегі махаббатпен, Батырдың рухына деген махаббатымызбен өткізейікші»,– деп сөзін аяқтады Ерлан Бекхожин.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *